6 сағат бұрын
Иван Башич маусым айында «Астанаға» көмектесе алмайтын болды
Фото: «Астана» футбол клубы
«Астана» командасының жартылай қорғаушысы Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындығын бастап кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл құрама алдағы маусым айында Солтүстік Македония және Панама ұлттық құрамаларына қарсы жолдастық матчтар өткізеді.
Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Канада, Катар, Швейцариямен күш сынасады.
Иван Башич елордалық клуб сапына былтыр маусым айында қосылды.
2002 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. Футболшы Боснияның «Зриньски» клубының түлегі. Соңғы жылдары Ресей чемпионатында «Оренбург» сапында ойын көрсетті. Ол «Астана» сапында 8-нөмірмен жасыл алаңға шығады.
2023 жылдан бері ол Босния және Герцоговина құрамасы сапында ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан