Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

«Атырау» футбол клубының стадионына бөлінген қаражат көпшілікті таңғалдырды

«Атырау» футбол клубының стадионына бөлінген қаражат көпшілікті таңғалдырды

Атыраудағы стадионды қайта жаңғырту жұмыстары өткен аптада басталды. Алайда жоба құнының көлемі өзгеріп, қазіргі есеп бойынша шамамен 11 млрд теңгені құрап отыр. Бұған дейін реконструкция бағасы 7,4 млрд теңге деп көрсетілген еді.

Жоба аясында «Мұнайшы» стадионы толық жаңғыртудан өтеді. Қайта құру жұмыстары трибуналарды толық ауыстыруды, жаңа футбол алаңын салуды және биіктігі 53 метр болатын төрт жарық мұнарасын орнатуды қамтиды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар қарастырылған. Стадионның сыйымдылығы 8 мыңнан астам көрерменге дейін жетеді.

Жаңартудан кейін нысан бокс, күрес, таэквондо және теннис залдары бар заманауи спорт кешеніне айналмақ. Сонымен қатар медициналық және массаж кабинеттері, буфет, көрермендерге арналған демалыс аймақтары, VIP-аймақтар, конференц-зал, телестудия және комментаторларға арналған орындар да болады.

Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нариман Біғәліның айтуынша, жаңа 11 млрд теңгелік баға қымбаттау емес, екі дербес жобаның қосындысы болып табылады. Оның бірі – 7,4 млрд теңгеге бағаланған негізгі реконструкция жұмыстары, екіншісі – халықаралық стандарттарға сай футбол алаңына жылыту және суару жүйесін орнату.

Реконструкцияның бас мердігері – Aspan Holding ЖШС. Бұл компания Атырау-2 шағын ауданында 12 мың орындық жаңа стадион, концерт залы және облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылысын да жүзеге асырып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан