9 сағат бұрын
Ресейлік клубтар қазақстандық шабуылшыға қызығушылық білдірді
Ресейдің «Ахмат» командасында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Максим Самородовқа сол елдің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дереккөздердің айтуынша, олардың қатарында «Краснодар», «Локомотив» айтылып жатыр.
Сондай-ақ бұл жөнінде «Спартак» туралы да ақпарат ба. Бірақ басқа дереккөздер мұны растамайды.
23 жастағы Максим Самородов 2024 жылдың тамызында «Ақтөбеден» «Ахматқа» ауысты. Оның трансферлік құны 2,5 миллион еуроға бағаланады. Оның келісімшарты 2028 жылы аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан