1 күн бұрын
Каспер Шмейхель мансабын қашан аяқтайтынын мәлімдеді
Фото: Getty Images
Шотландияның «Селтик» командасы мен Дания құрамасының қақпашысы Каспер Шмейхель мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оның келісімшарт мерзімі маусым айында аяқталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Даниялық қақпашы бұл шешімге алған жарақатына байланысты келгенін айтып берді. Дәрігерлер оның бұрынғыдай қалпына келуі қиын екенін жеткізді.
Каспер Шмейхель Англияның «Лестер» командасы сапында 2016 жылы Англия чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Дания құрамасы сапында 120 ойын өткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Миланның» команда басшылығы қызметінен кетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан