Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өтеді

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өтеді

sport24.ru

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Финалдық ойында «Кристал Пэлас» (Англия) пен «Райо Вальекано» (Испания) командалары кездеседі.

Матч Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.

Жартылай финалда «Кристал Пэлас» Украинаның «Шахтерін» (2:1, 3:1) қапы қалдырса, «Райо Вальекано» Францияның «Страсбурын» (1:0, 1:0) есебімен тізе бүктірді.

Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Астон Вилла» алғаш рет UEFA Еуропа лигасының чемпионы болды.

Енді 30 мамыр күні UEFA Чемпиондар лигасында «Арсенал» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары бас жүлдені сарапқа салады.





Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан