Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Әзербайжандағы қызметінен кетті

«Жеңістің» бұрынғы бас бапкері Әзербайжандағы қызметінен кетті

Фото: «Жеңіс» хоккей клубы

Елордалық «Жеңіс» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Демченко Әзербайжанның «Араз» командасындағы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ол бұл командасында 17 ойында басшылық етті. Оның 6-да жеңіске жетсе, 2-де тең ойнап, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.

Андрей Демченко былтыр жазда елордалық «Жеңіс» командасы тізгінін ұстады. Ол грекиялық Акис Вавалисті алмастырған еді.

Содан бері «Жеңіс» 17 кездесудің 8-де жеңіске жетіп, 6-да тең нәтижеге қанағат білдірсе, 1-де қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде елордалық клуб 36 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді.

Сондай-ақ ол жақында қызылордалық «Қайсар» командасы бас бапкерлігіне үміткер ретінде аталды.

Андрей Демченко 1976 жылы Украинада дүниеге келген. Спорттық мансабында Ресейдің ЦСКА, Нидерландтың «Аякс», Украинаның «Металлург» (Запорожье), «Ильичевец», «Оболонь», «Гелиос», Молдованың «Дачия» клубтарында доп тепкен.

2011 жылдан бері бапкерлік қызметінде Украинаның «Имекс», «Металлург» (Запорожье), «Львов», «Металлист-1925», «Буковина», Грузияның «Дила», «Динамо» (Батуми) клубтарында еңбек етті.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан