4 сағат бұрын
ҚПЛ: «Ақтөбе» соңғы минутта жеңістен айырылып қалды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Қазақстан Премьер-лигасында ХІІ турында «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» командалары тең нәтиежеге қанағат білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында көкшетаулық клубтан Бектемир Абдуманнонов 32-минутта есеп ашса, одан кейін ақтөбелік командадан Виталий Латурнус 35, 61-минутта екі гол соғып кетті.
Ойынның 96-минутында «Оқжетпес» сапынан Борис Лотоцький қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бұдан бұрын 27 мамырда «Алтай» (Өскемен) - «Астана» 0:0, «Ертіс» (Павлодар) - «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1 есебіне қанағат білдірген еді.
Дәл қазір «Қызылжар» (Петропавл) - «Жетісу» (Талдықорған) кездесуі өтіп жатыр.
Енді 18:00-де «Атырау» - «Тобыл» (Қостанай), 19:00-де «Жеңіс» (Астана) - «Каспий» (Ақтау), «Қайсар» (Қызылорда) - «Елімай» (Семей) жасыл алаңға шықса, бұл турды 20:00-де «Ордабасы» (Шымкент) - «Қайрат» (Алматы) түйіндейді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан