4 сағат бұрын
«Жеңіс» жеңіліс сериясын тоқтатты
Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында елордалық «Жеңіс» өз алаңында ақтаулық «Каспий» клубын қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші тайм тартысты өтті. Дегенмен «Жеңіс» өз мүмкіндіктерінің бірін тиімді пайдаланды. 34-минутта қапталдан жасалған пастан кейін Элгуджа Лобжанидзе айып алаңында допты ыңғайлап беріп, Самсон Иеде төмен бағытталған дәл соққымен есеп ашты.
Екінші таймда елордалық клуб минималды басымдықты сақтап қалып, матчты жеңіспен аяқтады — 1:0.
«Жеңіс» — «Каспий» 1:0 (1:0)
Гол: Самсон Иеде 34 (1:0).
Осылайша, «Жеңіс» 16 ұпай жинап, 8-орынға көтерілсе, ақтаулықтар көш соңын түйіндеп тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов