4 сағат бұрын
«Қайсар» өз алаңында есе жіберді
Қазақстан Премьер-лигасының 12-туры аясында қызылордалық «Қайсар» мен семейлік «Елімай» өзара кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың алғашқы таймында қонақтар сапынан Роман Мұртазаев есеп ашса, көп ұзамай алаң иелері сапынан Никола Цуцкич таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Фессу Плакка семейлік клубты алға шығарды. Кейін пенальтиден Айбар Жақсылықов есеп айырмасын ұлғайтты. Ойынның соңғы минуттарында Имо Эзекиль бір голмен жауап қайырды.
Матч 2:3 есебімен «Елімай» командасының жеңісімен аяқталды.
«Қайсар» — «Елімай» 2:3 (1:1)
Голдар: Роман Мұртазаев 4 (0:1), Никола Цуцкич 11 (1:1), Фессу Плакка 69 (1:2), Айбар Жақсылықов 76-пенальтиден (1:3), Имо Эзекиль 90+4 (2:3).
Осы жеңістен кейін «Елімай» 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Ал «Қайсар» 10 ұпаймен 12-орында қалып отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов