3 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатында жаңа көшбасшы шықты
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турының орталық матчында шымкенттік «Ордабасы» мен алматылық «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойын барысында алғашқы болып қонақтар басымдық танытып, Жоржиньо есеп ашты. Дегенмен бірінші тайм аяқталмай тұрып алаң иелері сапынан Ги-Марселин Килама таразы басын теңестірді.
Екінші таймда шымкенттік клуб белсенді ойнап, Эльхан Астанов жеңіс голын соқты.
Матч 2:1 есебімен «Ордабасы» командасының пайдасына аяқталды.
«Ордабасы» — «Қайрат» 2:1 (1:1)
Голдар: Жоржиньо 14 (0:1), Ги-Марселин Килама 28 (1:1), Эльхан Астанов 64 (1:2).
Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 28 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Ал «Қайрат» 26 ұпаймен екінші орында тұр және бір ойын артық өткізген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов