1 сағат бұрын
«Ордабасы» клубының бас бапкері төрешілікке қатысты сөз қозғады
Шымкенттік «Ордабасы» клубының бас бапкері Андрей Мартин ҚПЛ-дың 12-турындағы алматылық «Қайратқа» (2:1) қарсы ойындағы жеңіс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
— Бүкіл Шымкент қаласын, клуб жанкүйерлерін, команданы қолдайтындардың бәрін осы маңызды жеңіспен құттықтаймын. Бүгін екі дүркін чемпионға қарсы өте маңызды матч болды. Бұл ойын турнирлік кесте үшін де, жеке қарсыластық тұрғысынан да маңызды еді. Сондықтан мен өз ойыншыларымды, клуб басшылығын құттықтағым келеді. Олар күн сайын команда еш нәрседен таршылық көрмеуі үшін үлкен еңбек сіңіріп келеді.
Ал бүгінгі жеңістің басты кейіпкерлері — футболшылар. Олар бар күшін салды, өте ұйымшыл әрі тәртіпті болды, өздерін жақсы көрсетті. Менің ойымша, ойын бірде бір команданың, бірде екінші команданың басымдығымен өтті. Яғни ешкім толық үстемдік еткен жоқ. Ойын екіжақты тартысты болды. Жеңіс әділ болды ма? Әрине, жеңіске жеткен соң, әділ деп айтуға болады. «Қайрат» көбірек лайық болды деп ешкім айта алмайтын шығар.
Матчты төрешілер бригадасының жақсы басқарғанына өте қуаныштымын. Оларға үлкен рақмет. Олар Қазақстанда сапалы төрешілер бар екенін және жақсы жұмыс істей алатынын тағы да дәлелдеді. Сондықтан оларға шетелдік бригаданы емес, жергілікті төрешілерге сенім артылғаны маңызды. Бұл жергілікті төрешілердің беделін түсірер еді. Тағы да барлығына сапалы жұмыс үшін үлкен рахмет, — деді маман.
Еске салайық, «Ордабасы» клубы өз алаңында ел чемпиондарын 2:1 есебімен жеңіп, ҚПЛ көшбасшысына айналды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов