Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Бернарду Силва «Барселона» үшін жалақысын қысқартуға дайын

Бернарду Силва «Барселона» үшін жалақысын қысқартуға дайын

Португалиялық жартылай қорғаушы Бернарду Силва мансабын «Барселонада» жалғастыру үшін жалақысын екі есеге дейін азайтуға дайын.

31 жастағы футболшы каталондық клубты мансабын жалғастыратын басты нұсқа ретінде қарастырып отыр. Осыған байланысты ол қазіргі қаржылық талабын төмендетуге келісім берген.

Қазіргі таңда Силва агентімен бірге болашағын талқылап, жаңа клуб мәселесін әлем чемпионаты басталғанға дейін шешуді жоспарлап отыр. Португалия құрамасы турнирдегі алғашқы ойынын 17 маусымда өткізеді.

Айта кетейік, «Барселона» бұған дейін де бірнеше мәрте Бернарду Силваны өз қатарына қосуға әрекет жасаған. Алайда «Манчестер Сити» ойыншымен қоштасуға асықпаған еді.

Ақпаратқа сәйкес, каталондық клуб португалиялық ойыншыға екі жылдық келісімшарт ұсынып, жалақы ретінде маусымына шамамен сегіз миллион еуро төлеуге дайын. Бұл оның Англиядағы табысынан айтарлықтай төмен.

Егер «Барселонаға» ауысу жүзеге аспай қалса, футболшыға Мадридтің «Атлетикосы» қызығушылық танытып отырғаны айтылуда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан