4 сағат бұрын
Ғалымжан мен Максим «Ахмат» клубынан кетті
Грозный қаласының «Ахмат» клубы ресми түрде хабарлап, Қазақстандық легионерлер Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, команда орналасқан жерге аттанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Жазғы оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді: 6 маусымда Ереванда Арменияға қарсы және 9 маусымда Дебреценде Венгрияға қарсы ойнайды.
Қазақстандықтардан бөлек, «Ахматтың» тағы алты ойыншысы да өз ұлттық құрамаларына шақырту алған. Олардың қатарында Лечи Садулаев пен Георгий Мелкадзе (Ресей құрамасы), Мануэль Келиано (Ангола), Клисман Цаке (Албания), Яхья Магомедов (Ресейдің жастар құрамасы) және Мохамед Конате (Буркина-Фасо) бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов