2 сағат бұрын
«ПСЖ» футболшылары Чемпиондар лигасының алдында маңызды хабар естіді
«ПСЖ» футболшылары Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналды» жеңген жағдайда шамамен әрқайсысы 1 миллион еуро көлемінде бонус алады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айта кетейік, дәл осындай сыйақыны париждік клуб өткен маусымда финалда «Интерді» (5:0) ірі есеппен жеңген кезде де алған.
Ақпаратқа сәйкес, «ПСЖ»-де Чемпиондар лигасының ширек финалы мен жартылай финалындағы жеңістер үшін берілетін сыйақы салыстырмалы түрде төмен болып есептеледі.
Чемпиондар лигасының финалы «ПСЖ» бен «Арсенал» арасында 30 мамыр күні Будапешт қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов