Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

30.05.2026

Жасұлан Әмір ұлттық құрамадағы алғашқы әсерімен бөлісті

Жасұлан Әмір ұлттық құрамадағы алғашқы әсерімен бөлісті

Шымкенттік «Ордабасы» клубының шабуылшысы Жасұлан Әмір Қазақстан құрамасындағы алғашқы жаттығудан алған әсерімен бөлісті.

19 жастағы футболшы алғашқы жаттығу жоғары деңгейде өткенін айтып, командаға біртіндеп бейімделіп жатқанын жеткізді.

«Бүгін алғашқы жаттығуымыз өтті. Барлығы жақсы болды. Бірінші күннен бастап жұмысқа белсенді кірістік. Қазір бәрімен танысып, араласып жатырмыз. Бір-бірімізбен жақсы амандастық», — деді Әмір.

Сондай-ақ ол ұлттық құрамаға шақырту алған сәтін де еске алды.

«Құрамаға шақырту алғанымды кешке қарай білдім. Матчтан кейін ұйықтап қалған сияқтымын. Кейін телефон қарасам, жігіттер топқа мені ұлттық құрамаға шақырғанын жазыпты. Содан кейін бірден ата-анама хабарластым. Барлығы қатты қуанды», — деді шабуылшы.

Айта кетейік, Жасұлан Әмір биылғы ҚПЛ маусымының жарқын жаңалықтарының біріне айналды. Ол 12 матчта 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан