7 сағат бұрын
Иван Башич «Астанадан» кетіп, Еуропаға ауысуы мүмкін
«Астана» клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич жақын арада командасын ауыстырып, Болгария чемпионатына қоныс аударуы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.
AmanVIBE мәліметінше, босниялық футболшыға Софияның «Левски» клубы қызығушылық танытып отыр. Болгария чемпионы ойыншыны трансферлеу үшін алғашқы ұсынысын да жасап үлгерген.
Дереккөздің хабарлауынша, Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы үшін ұсынылған бастапқы сома шамамен 2,5 миллион еуроны құрайды.
Алайда елордалық клуб әзірге футболшымен қоштасуға асығар емес. «Астана» басшылығы Башич алдағы әлем чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсетсе, оның трансферлік құны артады деп үміттеніп отыр.
Айта кетейік, биылғы ҚПЛ маусымында 24 жастағы жартылай қорғаушы 10 матч өткізіп, 1 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Оның «Астанамен» келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жарамды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан