Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Рэшфорд «Манчестер Юнайтедке» оралғысы келмейді

Рэшфорд «Манчестер Юнайтедке» оралғысы келмейді

Англиялық шабуылшы Маркус Рэшфорд маусымды жалға алу негізінде өткізген «Барселонада» қалу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын.

Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, футболшы «Манчестер Юнайтедке» оралғысы келмейді. Рэшфорд каталониялық клубтың киім ауыстыратын бөлмесінде өзін жайлы сезінген және бас бапкер Ханс-Дитер Фликтің жүйесіне бейімделген.

Сондай-ақ ағылшын ойыншысы «Ньюкасл» вингері Энтони Гордонның трансферінен алаңдамайтыны айтылды. Ол клубтың бұл ойыншыға қызығушылық танытатынын алдын ала білген.

Дереккөз мәліметінше, «Барселона» әзірге Рэшфордқа оны толық сатып алмайтынын хабарламаған. Сондықтан футболшы үмітін үзбей, басқа клубтардың ұсыныстарын қарастырмай отыр.

2025/26 маусымында Маркус Рэшфорд барлық турнирде 49 матч өткізіп, 14 нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Transfermarkt сайты оның нарықтық құнын 40 миллион еуроға бағалайды.

Айта кетейік, «Барселона» өткен маусымда қатарынан екінші рет Испания чемпионы атанған еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан