5 сағат бұрын
«Ливерпуль» клубы ешкім күтпеген шешім қабылдады
Арне Слот «Ливерпуль» клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы «қызылдардың» баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sport12.kz.
Мерсисайдтық клуб жаңа бас бапкерді іздеу жұмыстарының басталғанын атап өтті.
Арне Слот «Ливерпульде» 2024 жылдан бері жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен команда 66 жеңіске жетіп, 29 рет жеңіліс тапты және 18 ойында тең түсті. Сондай-ақ «қызылдар» 2024/25 маусымында Англия чемпиондығын жеңіп алды.
Айта кетейік, өткен маусымда «Ливерпуль» клубы ең ірі трансферлердің бірін жасаса да, маусымды жүлдесіз аяқтап, чемпионатты 5-орынмен тәмамдады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов