Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары қатарына енді

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары қатарына енді

Фото:»Қайрат» фк

Алматылық "Қайрат" клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Flashscore нұсқасы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымындағы үздік ойыншылардың қатарына енді.

Жалпы кезең қорытындысы бойынша Анарбеков сейвтер саны жөнінен жоғары нәтиже көрсетті.

Ол алты матчта қарсыластардың 26 қауіпті соққысын қайтарып, бұл көрсеткіш бойынша марсельдік "Олимпиктің" қақпашысы Херонимо Рульимен теңесті. Рейтингте көш басында Никита Хайкин тұрса, екінші орынға мадридтік «Реалдың» тәжірибелі қақпашысы Тибо Куртуа жайғасты.

Темірлан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Реал" мен "Спортингке" қарсы матчтарға қатысқан жоқ. Бұл кездесулерде "Қайраттың" жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза алаңға шыққан.

Темірлан Анарбеков плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикке" қарсы ойында үш пенальтиді қайтарып, "Қайратқа" тарихи жеңіс сыйлады. Соның нәтижесінде алматылық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Аталған матчта Темірлан негізгі қақпашы Александар Заруцкийдің жарақатына байланысты алаңға шыққан еді. Ол берілген мүмкіндікті толық пайдаланып, команданың басты қаһармандарының біріне айналды.

Сондай-ақ Чемпиондар лигасының алтыншы турында өткен "Қайрат" пен "Олимпиакос" арасындағы кездесуде де Анарбеков ерекше ойын көрсетті.

Сол матчтың қорытындысы бойынша ол ойынның үздік ойыншысы (MVP) атанды. Осылайша Темірлан Чемпиондар лигасы тарихында MVP атағын алған алғашқы қазақстандық футболшы ретінде тарихқа енді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан