Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.06.2026

Қазақстан құрамасының жұлдызды футболшылары мерекеде балалармен кездесті

Қазақстан құрамасының жұлдызды футболшылары мерекеде балалармен кездесті

Фото:ҚФФ

Қазақстан құрамасының футболшылары Шымкенттегі балаларға ерекше сый жасады.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының бірқатар ойыншылары Шымкент қаласындағы балаларды қолдау орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілермен кездесті.

Іс-шараға ұлттық құрама сапындағы Нұралы Әліп, Сергей Малый, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Жасұлан Әмір және Мағжан Тоқтыбай қатысты. Футболшылар балалармен емен-жарқын әңгімелесіп, бірге футбол ойнап, естелік суреттерге түсті.

Кездесу барысында балалар ұлттық құрама ойыншыларына өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, кәсіби спортшылардың өмірі мен мансабы туралы қызықты мәліметтер алды. Өз кезегінде футболшылар жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жасөспірімдерге қолдау білдірді.

Мұндай кездесудің негізгі мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, оларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен айналысуға ынталандыру.

Шара соңында ұлттық құрама футболшылары орталық тәрбиеленушілеріне Қазақстан құрамасының жейделері мен арнайы естелік сыйлықтарын тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан