01.06.2026
«Қайсардың» қорғаушысы сәбилі болды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылордалық «Қайсар» командасының қорғаушысы Абылайхан Төлегенов екінші мәрте әке атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Абылайханға жары Несібелі кесте тігер ханшайым сыйлады, - деп жазылған хабарламада.
Абылайхан Төлегенов 1992 жылы дүниеге келген. «Қайсар» футбол клубының түлегі алғашқы мансабына Қостанай облысының «Асбест» командасында бастаса, одан кейін «Болат» (Теміртау), «Байқоңыр» (Қызылорда), «Мақтарал» (Түркістан облысы) клубтарында ойнады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» жаңадан 4 ойыншы алуды қарастырып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан