Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.06.2026

Канада өз алаңында Өзбекстанды тізе бүктірді

Канада өз алаңында Өзбекстанды тізе бүктірді

Футболдан Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Канада құрамасымен жолдастық матч өткізді.

Эдмонтон қаласындағы «Достастық» стадионында өткен кездесуде өзбекстандықтар 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтағы алғашқы голды 58-минутта Джонатан Осорио соқса, негізгі уақытқа қосылған бірінші минутта Майкл Нельсон есепті еселей түсті.

Айта кетейік, Канада АҚШ және Мексикамен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайтын елдердің бірі. Джесси Марш баптайтын команда В тобында Босния және Герцеговина, Катар және Швейцария құрамаларымен ойнайды.

Ал Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысады. Фабио Каннаваро шәкірттері K тобында Португалия, Конго Демократиялық Республикасы және Колумбиямен кездеседі.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан