02.06.2026
«Арсенал» жас жұлдыз Эли Жуниор Крупиге таласқа түсті
Лондонның «Арсенал» клубы «Борнмуттың» жас шабуылшысы Эли Жуниор Крупиге қызығушылық танытты.
Ақпаратқа сәйкес, 19 жастағы француз футболшысына «Манчестер Сити» мен ПСЖ клубтары да үмітті. Еуропаның алып клубтары ойыншымен байланысқа шығып үлгерген.
Крупи Ағылшын Премьер-лигасында дебюттік маусымында 13 гол соғып, ерекше көзге түсті. Ол осындай көрсеткішке қол жеткізген алғашқы жасөспірім футболшылардың бірі атанды.
«Борнмут» жас шабуылшысын сақтап қалғысы келеді, себебі команда Еуропа лигасына жолдама алып, құрамын нығайтуға ниетті.
Дегенмен топ-клубтардың қызығушылығы трансферлік бәсекені күшейтіп отыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан