02.06.2026
Лев Скворцов ҚПЛ-ға оралуға жақын
Қорғаушы Лев Скворцов алдағы маусымда мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.
Ақпаратқа сәйкес, 26 жастағы футболшы Қарағандының «Шахтер» клубымен 2,5 жылдық келісімшарт шарттарын келісіп қойған. Дегенмен, ол әлі соңғы шешім қабылдаған жоқ.
Скворцовқа Қазақстан Премьер-лигасының тағы үш клубынан ұсыныс түскені де айтылды. Енді ойыншы алдында ұзақмерзімді жоба саналатын «Шахтерді» немесе ҚПЛ-дегі басқа қысқа мерзімді нұсқаларды таңдау міндеті тұр.
Айта кетейік, бұған дейін Лев Скворцов Түркияның «Серикспор» клубында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан