Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.06.2026

Сауд Арабиясы футбол жанкүйерлеріне тегін билет ұсынбақ

Сауд Арабиясы футбол жанкүйерлеріне тегін билет ұсынбақ

Фото:Gettysport

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Осыған байланысты Сауд Арабиясы футбол федерациясы әлем чемпионатына жанкүйерлерге тегін билеттер тарату бастамасын қолға алғаны туралы хабарланды.

Бұл қадам ұлттық құраманы қолдауға бағытталған.

"Әлем чемпионатына дейін кері санақ басталды. Осыған орай Сауд Арабиясы футбол федерациясы АҚШ-та жүрген ұлттық құрама жанкүйерлеріне тегін билеттер ұсынады. Сізден тек стадионға келу талап етіледі, қалғанын біз қамтамасыз етеміз", — делінген Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшілігі таратқан хабарламада.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, бұл бастама жанкүйерлер санын арттырып, матчтардың аншлагпен өтуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан