7 сағат бұрын
“Көзқарастарымыз бен өмірлік ұстанымым сәйкес келмеді” — Давид Лория Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті
Фото:ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының экс-капитаны әрі ел спортының белгілі өкілдерінің бірі Давид Лория Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті.
Бұны Давид Лоряның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша федерациясының президенті Марат Омаров арықарай қалып, қызметін жалғастыруды ұсынған. Алайда ол көзқарас пен өмірлік ұстанымы сәйкес келмегінін айтуда.
“Бүгін мен Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. КФФ президенті Марат Омаров маған вице-президент қызметін жалғастыруды ұсынды, алайда футболды дамытуға қатысты біздің көзқарастарымыз бен кейбір өмірлік ұстанымдарымыз сәйкес келмеді”, — деді Давид Лория.
Дегенмен ол алдағы уақытта да футболды дамытуға өз үлесін қосатанын жеткізді.
“Федерациядағы қызмет барысында маңызды жобалар іске асты, үлкен басқарушылық тәжірибе алдым және қазақ футболының алдында тұрған қиындықтарды толық қабылдадым. Мен өз кезегімде футбол игілігі үшін жұмысымды жалғастырып, осы саладағы тәжірибемді пайдаланамын", — деді ол.
Айта кетейік, Давид Лория 2026 жылдың наурыз айында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметке 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан