6 сағат бұрын
Федерациядағы қызметінен кеткен Давид Лория енді “Жеңіс” клубын басқармақ
Фото:ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кеткен Давид Лория “Жеңіс” клубының бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ал бұған дейін аталмыш клубтың бас директор қызметін атқарған Айдын Қожахмет жұмысын басқа бағытта жалғастырмақ. Бұны Айдын Қожахметтің өзі телеграм арнасында хабарлады.
“Бүгіннен бастап клубтың бас директоры қызметін "Жеңістің" қайта жаңғыруына үлес қосқан Давид Лория атқарады. Оның пікірі мен білімі әрқашан клуб жұмысында салмақты аргумент болды. Мұндай түйіндемеге артық түсініктеме қажет емес. Ол футболдағы жолын "Жеңістен" бастады, клубпен ең маңызды титулдарды жеңіп алды. Кейін ұзақ жылдар ұмыт қалған команданы қайта тірілтті. Енді туған клубын жаңа деңгейге шығару ғана қалды”, - деді Айдын Қожахмет.
Айта кетейік, Давид Лория 2025 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінде істеді. Ал ол 2026 жылдың наурыз айында бұл лауазымдық міндетін аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан