4 сағат бұрын
Қостанайлық “Тобыл” қатарларына легионер футболшыны қосты
Фото:gorcom36.ru
Қостанайлық “Тобыл” клубы франциялық орталық қорғаушы Райан Сенхаджиді қатарларына қосты.
29 жастағы футболшы мен клуб жаңа келесімшартқа қол қойды.
“Франциялық орталық қорғаушы "Тобылмен" келісімшартқа қол қойды. Бойы 190 сантиметр қорғаушы алаңдағы жылдамдығымен және әуе доптарындағы сенімді ойынымен ерекшеленеді. Әзербайжан чемпионатында әуедегі допқа талас-тартыстың шамамен 92 пайызын өз пайдасына шешкен" - делінген клубтың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, франциялық футболшының қанша қаржы мен уақытқа келгені туралы әзірге ақпарат жоқ.
Райан Сенхаджи бұған дейін Францияда "Безьерс" пен "Сошо" сапында, Болгарияда "Монтана", "Пирин" және "Левски" клубтарында, Данияда "Яммербугт" командасында ойнаған.
Бұған қоса ол Алжирде "ЖС Кабилия" сапында, Ресейде "Факел" құрамында және Әзербайжанда "Сумгаит" клубында да доп тепкен. Ал футболдағы мансабын Францияның "Сошо" клубының жүйесінде бастаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан