Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Фото:Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан "Атлетико де Мадрид Қазақстан" футбол академиясына барып, оқу-жаттығу үдерісімен танысты.

Сапар барысында Мемлекет басшысына академияның алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Жобада қосымша екі ашық футбол алаңын, 500 көрерменге арналған жабық манежді және жаңа әкімшілік ғимаратты салу қарастырылған.

Президент академия аумағын аралап, тәрбиеленушілерге жасалған жағдайларды көрді. Қазіргі таңда мұнда еліміздің әр өңірінен келген 116 жас футболшы білім алып, спорттық шеберлігін шыңдап жүр.

Испаниялық мамандардың іріктеуінен өткен балалардың сапалы білім алып, кәсіби дайындықтан өтуіне барлық қажетті мүмкіндік қарастырылған.

Іс-шараға Испанияның Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, "Атлетико Мадрид" клубының өкілі Давид Вилья және академияның халықаралық даму жөніндегі директор орынбасары Мария Тереса Кириви қатысты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан