Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

02.06.2026

Конференция лигасы: «Астананың» ықтимал қарсыластары анықталды 

Конференция лигасы: «Астананың» ықтимал қарсыластары анықталды 

Фото: «Астана» футбол клубы

Елордалық «Астана» командасының UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Өткен жылы күміс жүлдегер болған астаналық клуб жарысты бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Жарыстың бұл кезеңінің жеребесі 16 маусым күні тартылады.

Қазір елордалық команданың ықтимал 25 қарсыласы белгілі болды. Олардың қатарында «Вележ» (Мостар, Босния және Герцеговина), «Виртус» (Сан-Марино), «Лиепая» (Латвия), «Ильвес» (Тампере, Финляндия), «Унио Эспортива» (Санта-Колома, Андорра), «Коннас Куэй» (Уэльс), «Богемиан» (Дублин, Ирландия), «Стьярнан» (Исландия), «Европа» (Гибралтар), «Интер» (Турку, Финляндия), «Малишева» (Косово), «Динамо» (Тирана, Албания), «УНА Штрассен» (Люксембург),«Хегельман» (Литва), «Пенибонт» (Уэльс), «НСИ Рунавик» (Фарер аралдары),«Силекс» (Кратово, Солтүстік Македония), «Морнар» (Черногория,) «Гленторан» (Солтүстік Ирландия), «Марсашлокк» (Мальта), «Нымме Калью» (Таллин, Эстония), «Эльбасани» (Албания), «Карнарвон Таун» (Уэльс), «Мондорф-ле-Бен» (Люксембург), «Петровац» (Черногория) бар.

Бірінші іріктеу кезеңі 6 шілде күні өтсе, қарымта кездесу 16 шілдеге белгіленген.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан