5 сағат бұрын
Cенсация: Қазақстан жастары Португалияға қарсы тең нәтиже тіркеді
Фото:ҚФФ
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.
А лигасының 6-тобындағы алғашқы ойында қазақстандықтар Португалиямен 1:1 есебімен тең түсіп, маңызды ұпайға қол жеткізді.
Грекияның Салоники қаласында өткен тартыста негізгі уақыт бойы есеп ашылмады.
Ал матчтың 81-минутта португалиялықтар алға шықты. Дегенмен шешуші сәтте Алдияр Нұрғали таразы басын теңестірді. Осылайша жастар құрамасы сенсациялық нәтиже тіркеді.
Енді Қазақстан құрамасы 6 маусымда Сербияға қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан