4 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Месси жеткен шың, Роналду күткен арман
Фото:Gettysport
Футбол әлемінде Лионель Месси мен Криштиану Роналду өз есімдерін тарих беттеріне алтын әріппен қашап жазған қос аңыз тұлға.
Екі ойыншы да өз дәуірінің үздік футболшылары саналғанымен, Әлем чемпионатындағы жолы екі түрлі қалыптасты.
2022 жылы Лионель Мессидің асқақ арманы орындалған күн. Ол дәл сол жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанды. Бұл оның мансабындағы ең үлкен жетістіктерінің бірі. Ал Криштиану Роналду әлі күнге дейін Әлем чемпионатында топ жарған жоқ.
Екі футболшы да Әлем чемпионатына бес реттен қатысты:
Месси – 2006, 2010, 2014, 2018, 2022
Роналду – 2006, 2010, 2014, 2018, 2022
Бұл олардың ұзақ жылдар бойы жоғары деңгейде ойнағанын көрсетеді.
Әлем чемпионаттарында Месси 13-тен астам гол соғып, бірнеше нәтижелі пас берді. Роналдуның еншісінде 8-ден астам гол бар.
Месси Әлем чемпионаты тарихында екі рет (2014, 2022) турнирдің үздік ойыншысы атанған жалғыз футболшы. Сондай-ақ ол 2022 жылғы жарыста барлық кезеңдерде гол соғып, ерекше рекордқа қол жеткізді.
Роналду болса Әлем чемпионатында жеке марапат иеленбегенімен, бірқатар маңызды ойындарда шешуші сәттердегі ұтқыр ойнымен есте қалды.
Мессидің ең жарқын сәті – 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Аргентинаны 36 жыл күткен арманды еңсерді. Ол финалдық ойында да шешуші рөл атқарды.
Роналду үшін есте қалған сәттердің бірі – 2018 жылғы әлем чемпионатында Испания қақпасына хет-трик жасауы және 2006 жылы Португалиямен жартылай финалға дейін жетуі.
Әлем чемпионаты бұл екі футболшы үшін екі түрлі мағынаға ие. Лионель Месси бұл турнирде жеңімпаз атанып, тарихқа енсе, Криштиану Роналду тұрақтылығы мен шеберлігі арқылы әлем футболының ең нәтижелі шабуылшыларының бірі ретінде танылды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан