Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Абдукодир Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

Абдукодир Хусанов Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

Фото:Gettysport

Transfermarkt порталы Англия Премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын жаңартты. Соған сәйкес өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусановтың нарықтағы бағасы 15 миллион еуроға өсіп, 50 миллион еуроға жетті.

Осының арқасында 22 жастағы футболшы Азиядағы ең қымбат ойыншы атанды. Ол бұл көрсеткіш бойынша жапониялық Кайсю Сано (40 млн еуро) мен Такефуса Кубоны (30 млн еуро) басып озып, көш бастады.

Азиядағы ең қымбат футболшылардың ТОП-10 рейтингі:

1. Абдуқодир Хусанов (Өзбекстан, "Манчестер Сити") — 50 млн еуро

2. Кайсю Сано (Жапония, "Майнц") — 40 млн еуро

3. Такефуса Кубо (Жапония, "Реал Сосьедад") — 30 млн еуро

4. Ли Кан Ин (Оңтүстік Корея, ПСЖ) — 28 млн еуро

5. Юито Судзуки (Жапония, "Фрайбург") — 24 млн еуро

6. Каору Митома (Жапония, "Брайтон") — 22 млн еуро

7. Ким Мин Джэ (Оңтүстік Корея, "Бавария") — 20 млн еуро

8. Зион Судзуки (Жапония, "Парма") — 20 млн еуро

9. Хироки Ито (Жапония, "Бавария") — 18 млн еуро

10. Аясе Уэда (Жапония, "Фейеноорд") — 17 млн еуро

Айта кетейік, Абдуқодир Хусанов соңғы уақытта Еуропа футболындағы ең қарқынды дамып келе жатқан жас қорғаушылардың бірі ретінде бағаланып жүр. Оның трансферлік құнының күрт өсуі осының айқын дәлелі болды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан