03.06.2026
«Ертіс» футбол клубының қақпашылар бапкері тағайындалды
Фото: «Ертіс» футбол клубы
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Даниил Робертович Рихардтың негізгі команданың қақпашылар жаттықтырушысы қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
52 жастағы қазақстандық маманның бапкерлік тәжірибесі мол. Әр жылдары ол «Шахтёр-Болат», «Жас Сұңқар» клубтарында, БЖМОРСМ №8 мектебінде қақпашыларды дайындаумен айналысып, сондай-ақ Қазақстанның U-17 және U-21 жастар құрамаларында қызмет атқарған.
Футболшы ретінде Даниил Рихард павлодарлық «Ертіс» сапында өнер көрсетті. Ақ-көк жейдеде 85 матч өткізіп, Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ ол Қазақстан Премьер-лигасында ең көп матч өткізген қақпашылардың үштігіне кіреді, еншісінде 329 ойын бар.
Еске салсақ, «Ертіс» футбол клубының жартылай қорғаушысы Мирас Оматай жарақатынан кейінгі қалпына келу жұмыстарын жалғастыруда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан