03.06.2026
Қазақстан әйелдер құрамасының Армениямен ойынға дайындығы қандай?
Фото: ҚФФ
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді., деп хабарлайды Sport12.kz.
– Біз 5-ші маусым күні сырт алаңда Армения құрама командасына қарсы матч өткіземіз. Дайындығымыз жоспар бойынша өтіп жатыр. Қыздардың көңіл-күйі, атмосфера, бәрі жақсы. Қазіргі таңда мақсатымыз, техникалық, тактикалық, физикалық жағынан қыздарды жетілдіру. Ойыншылардың өзара байланысын нығайту, және де осы ресми матчқа толыққанды дайын болу.
Бұл ойынның маңызы біз үшін өте зор. Топтан шығатын мүмкіндігіміз бар. Сондықтан бұл біз үшін сынақ деуге болады. Оны толыққанды түсінеміз. Қыздар да түсінеді, біз де түсінеміз. Сол бағытта жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесін сол ойында көреміз деп ойлаймын, - деді ол.
Айта кетсек, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы алтыншы топта сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін олар Армения (3:0) мен Беларусьті (1:0) жеңсе, тағы бір кездесуде Беларуське (0:1) есе жіберді. Турнир кестесінде алты ұпаймен екінші орында келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Кириакос Атанасиу бастаған кипрлік бригада Армения және Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде төрешілік ететіні белгілі болды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан