6 сағат бұрын
24 жылдық үзіліс: Неймар бастаған Бразилия құрамасы әлем чемпионатында топ жара ала ма?
Фото:Gettyimages
Бразилия — футбол тарихындағы ең табысты ұлттық құрамалардың бірі. Бұл елдің командасы Әлем чемпионатында бес мәрте топ жарған. Бұл рекордтық көрсеткіш.
Бразилия алғаш рет 1958 жылы Швецияда чемпион атанды. Одан кейін 1962 жылы Чилиде, 1970 жылы Мексикада, 1994 жылы АҚШ-та және 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен турнирде алтын жүлдені қанжығаларына байлаған. Осылайша, Бразилия әлем чемпионаты тарихында бес мәрте кубок көтерген жалғыз құрама атанып отыр.
Дегенмен, 2002 жылдан бері бұл команда әлем біріншілігінде жеңіске жете алмай келеді. Соған қарамастан, Бразилия әр турнирдің басты фавориттерінің бірі ретінде қарастырылады.
Соңғы жылдары құраманың негізгі жұлдыздарының бірі ретінде Неймардың есімі жиі аталады. Ол 2014, 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарына қатысып, Бразилияның шабуыл шебіндегі басты ойыншылардың бірі болды. Алайда Неймар әзірге әлем чемпионы атанған жоқ.
2026 жылғы төрткүл дүние көз тіккен додаға Бразилия құрамасына Неймар шақырту алды.
24 жылдық үзілістен кейін Неймар бастаған Бразилия футболшылары тарихи жетістікке қол жеткізе ала ма?
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан