4 сағат бұрын
Жауынгер Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты тың дерек шықты
Заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy YouTube арнасына берген сұхбатында UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың отбасы төңірегінде айтылып жүрген әңгімелерге қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Шавкат Рахмонов пен жұбайы Гүлайым Рахмонова бір кездері некелерін бұзу жөнінде сотқа жүгінген. Осылайша олардың арасында ажырасу рәсімі басталған.
"Иә, Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова ажырасу туралы өтініш берген. Бастапқыда бұл мәселе сот қарауына жолданды", – деді заңгер.
Алайда кейін ерлі-зайыптылар өзара мәмілеге келіп, сотқа тапсырған өтініштерін қайтарып алған.
"Кейін екеуі татуласып, арыздарын кері алды. Сондықтан қазір олардың некесі заң жүзінде сақталып тұр", – деп түсіндірді Мейірман Шекеев.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова жұбайымен айырылысқанын жариялаған. Сонымен қатар биылғы 27 наурызда оның қатысуымен болған жол апатына байланысты қозғалған іс бойынша сот үкімі шықты.
Сот шешімімен Гүлайым Рахмонова Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жеті жыл көлік басқару құқығынан айырылды. Дегенмен сот негізгі жазаны бес жылға шегерді.
Еске салсақ, 2025 жылдың шілдесінде Гүлайым Рахмонова жүргізген көлік жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам көз жұмған еді. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан