4 сағат бұрын
“Челсидің” аңыз футболшысы дүниеден өтті
Фото:Gettysport
“Челси”клубының аңыз футболшысы Бобби Тэмблинг 84 жасында дүние салды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ол Ирландияның Корк графтығында қайтыс болған. Соңғы жылдары ауыр дертке шалдығып, денсаулығы сыр берген.
Бобби Тэмблинг “Челси” сапында алғаш рет 1959 жылы алаңға шықты. Ол кезде футболшы небәрі 17 жаста болған.
Бобби алғашқы матчында-ақ қарсылас қақпасын дәл көздеп, гол соқты.
Футболшы лондондық клуб сапында 202 рет мергендік танытқан. Осы көрсеткіш ақылы ұзақ жылдар бойы рекорд иесі атанды. Тек 2013 жылы Фрэнк Лэмпард одан көп гол соғып, көш бастады.
Тэмблингтің тағы бір жетістігі әлі күнге жаңарған жоқ. Ол “Челси” тарихында бір ойында ең көп гол соққан футболшы. Ол 1966 жылы “Астон Вилламен” өткен матчта бес рет гол соққан.
“Челси” өкілдері аңыз футболшының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, оның клуб тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан