05.06.2026
Ислам Чесноков ҚПЛ-ға оралуы мүмкін
Шотландиялық «Хартс» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков жазғы трансфер кезеңінде Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралуы мүмкін , деп хабарлайды AmanVIBE.
Мәліметке сәйкес, футболшы қазіргі уақытта ұлттық құраманың алдағы матчтарына толық көңіл бөліп, клубтық болашағына қатысты шешімді асықпай қабылдап отыр.
Чесноковтың «Хартстағы» бейімделуі қиынға соққан. Осыған байланысты шотландиялық клуб оны жазда сатуға немесе басқа клубқа жіберуге дайын екені айтылуда.
Бұған дейін ол ҚПЛ-дің екі клубының — «Ақтөбе» мен «Елімайдың» ұсыныстарынан бас тартқан. Қазіргі таңда негізгі үміткерлер ретінде «Ордабасы» мен «Тобыл» аталып отыр.
Ақпаратқа сәйкес, Қостанай клубы ойыншыны жалға алуды қарастырса, шымкенттік команда толық трансфермен сатып алуға дайын. Дегенмен, Чесноковтың өзі «Тобылға» ауысуға көбірек бейім екені айтылуда.
Айта кетейік, футболшы қазіргі таңда Қазақстан құрамасымен бірге Ереванда болып, 6 маусымда Арменияға қарсы жолдастық матчқа қатысады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан