05.06.2026
Бьорн Йонсен «Ордабасының» ойыншысы атанды
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Норвегия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бьорн Йонсенмен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
34 жастағы футболшының келісімшартының мерзімі әзірге нақтыланбады.
Йонсен кәсіби мансабында Норвегия, Португалия, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Грузия, АҚШ, Шотландия және Болгария чемпионаттарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2017-2021 жылдар аралығында Норвегия құрамасы сапында 16 матч өткізіп, 5 гол соққан.
Айта кетейік, өткен жылы шабуылшы Кутаисидің «Торпедо» клубы сапында УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Ордабасы» қақпасына дубль авторы атанған болатын.
Футболшы мансабында 381 матчқа қатысып, 147 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: Sport12kz