Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

17 жастағы Дастан Сәтпаев Forbes тізіміне енді

17 жастағы Дастан Сәтпаев Forbes тізіміне енді

Фото:ҚФФ

Forbes Kazakhstan басылымы ел спортындағы жас көшбасшыларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі “30 жасқа дейінгі 30 дарын” рейтингін жариялады. Аталмыш тізімде спорт саласы бойынша Қазақстан атын әлемдік деңгейде танытып жүрген жас таланттар енген. Бұл тізімді 17 жастағы жас талант Дастан Сәтпаев мен қақпашы Темірлан Анарбеков бар.

Forbes Kazakhstan тізіміне енген спортшылар:

Дастан Сәтпаев

“Қайрат” клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев небәрі 16 жасында Англияның атақты “Челси” командасына шақырту алды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасының жалпы кезеңде “Копенгаген” қақпасына гол соқты. Нәтижесінде Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды. Осылайша ол Чемпиондар лигасы тарихында гол соққан ең жас үш ойыншының қатарына кірді. Ал Қазақстан құрама сапында әлем чемптонатының іріктеу кезеңінде Бельгияға қарсы матчта гол соғып, ұлттық құрама рекордтын жаңартты. Бұған дейін бұл рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі болған.

Темірлан Анарбеков

Чемпиондар лигасының алтыншы турындағы “Қайрат” пен “Олимпиакос” ойынында Темірлан Анарбеков матчтың басты қаһарманына айналды. Ол ойын барысында қарсыластың қауіпті соққыларын қайтарып, “Қайраттың” қақпасын талай голдан аман сақтап қалды. Нәтижесінде Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік (MVP) ойыншысы атанды. Тарихта алғаш рет қазақ футболшысы Чемпиондар лигасында осындай атаққа ие болды.

Данил Голубенко

2025 жыл қазақстандық киберспорт үшін есте қаларлық әрі тарихи жыл болды. Осы жылдың басты қаһармандарының бірі – 20 жастағы қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко. Семей қаласының тумасы жыл бойы халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, әлем назарын Қазақстанға аудартты.

Жылдың ең ірі жетістігі Қытайда өткен IEM Chengdu халықаралық турнирімен байланысты. Аталған додада Данил қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанып қана қоймай, 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені иеленді. Сонымен қатар ол турнир барысында көрсеткен жоғары шеберлігі үшін ең үздік ойыншы (MVP) атағына лайық деп танылды. Данил қыркүйек айында өткен Fissure Playground 2 турнирінде де Данил чемпион атанып, MVP атағын жеңіп алған еді. Осылайша, ол бір жыл ішінде екі ірі халықаралық турнирде қатарынан MVP атанған санаулы киберспортшылардың қатарына қосылды. Мұндай жетістік киберспорт әлемінде өте сирек кездесетін жағдай.

Кәрім Меңдіқанов (15 жас)

Орал мен Астана футбол мектептерінен шыққан оң қанаттағы вингер 2022 жылы отбасымен бірге Испанияға қоныс аударған. Испанияның U15 чемпионатында “Сан-Кугат” сапындағы сәтті ойындарынан кейін топ-клубтардың скауттарының назарына түсті.

2026 жылдың жазында футболшы ресми түрде каталониялық “Барселона” құрылымына қосылады. Ол Испанияның бұл гранд клубының тарихындағы тұңғыш Қазақстан өкілі атанбақ.

Александр Бублик (28 жас)

Қазақстанның бірінші ракеткасы өз карьерасындағы ең үздік маусымдарын өткізіп жатыр.

2025 жылы Галледегі ATP 500 турнирінде әлемнің 1-ракеткасы Янник Синнер мен Даниил Медведевті ұтып, чемпион атанды. Кейіннен Швейцария, Австрия және Қытайдағы жарыстарда топ жарды.

2026 жылдың қаңтарында Гонконгтағы ATP 250 турнирін жеңіп, отандық ерлер теннисі тарихында тұңғыш рет әлемдік ATP рейтингінің ТОП-10 қатарына кірді. Карьерасында жалпы 9 ATP титулы бар.

Автор:Ақерке Өмірхан


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан