5 сағат бұрын
Халықаралық турнирде қазақстандық балуандар үш жүлде жеңіп алды
Фото:ҰОК
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде қазақстандық балуандар ел қоржынына үш қола жүлде салды.
63 келіге дейінгі салмақта грек-рим күресінен сынға түскен Еркебұлан Ардақов қола медаль үшін белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Хёнун Чхвені жеңіп, жүлдегер атанды.
130 келіге дейінгі аса ауыр салмақта бақ сынаған Олжас Сырлыбай қола жүлде үшін өткен белдесуде Үндістан спортшысы Джогиндер Ратхиді тізе бүктірді.
Ал әйелдер күресінде 57 келі салмақта Нилуфар Райымова қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін өткен тартыста ол Даниэль Сью Чинг Лимнен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін 72 келі салмақта Жәмилә Бақбергенова да қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Алайда ол жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан