4 сағат бұрын
Неймар жарақатына байланысты әлем чемпионатының алдында ұлттық құрамадан шығып қалды
Фото:Sportrbc.ru
Бразилия құрамасының 34 жастағы шабуылшысы Неймар Египетте өтетін әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчқа қатыспайды.
Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти жолдастық ойынға қатысатын футболшылар тізімін жариялады.
Алайда аталмыш тізімде Неймар жоқ. Оған басты себеп шабуылшы оң аяқ балтырының бұлшықет жарақатына байланысты емделіп жатыр.
Анчелотти бастаған жаттықтырушылар штабы Неймарды АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы базада қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Бразилия құрамасы дәл осы жерде әлем чемпионатына дайындалып жатыр.
Ал Бразилия мен Египет арасындағы жолдастық матч 7 маусым күні АҚШ-тың Кливленд қаласында өтеді. Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Карло Анчелотти шәкірттері Гаити, Шотландия және Марокко құрамаларына қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Неймар үшін бұл әлем чемпионаты мансабындағы соңғы мундиальдардың бірі болуы мүмкін. Сондықтан оның жарақаты Бразилия жанкүйерлерін ғана емес, бүкіл футбол әлемін алаңдатып отыр.
Неймар Бразилия ұлттық құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген. Оның еншісінде ұлттық құрама сапындағы 79 гол бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан