3 сағат бұрын
18 жастағы Ламин Ямаль Мбаппені басып озып, Ла Лиганың үздік ойыншысы атанды
Фото:Gettysport
“Барселонаның” жас жұлдызы Ламин Ямаль Испания чемпионатының 2025/26 маусымындағы үздік ойыншы атағына ие болды.
18 жастағы футболшы маусым барысында Ла Лигада 28 матч өткізіп, 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
Бұл марапатқа Ямальмен бірге мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе, “Вильярреалдың” өкілі Николас Пепе, “Мальорканың” шабуылшысы Ведат Мурики және “Бетистің” жартылай қорғаушысы Пабло Форнальс үміткер болған.
Айта кетейік, 2025/26 жылғы Испания чемпионатында “Барселона” жеңімпаз атанды. Осылайша каталониялық клуб өз тарихында 29-рет ел чемпионы атағын иеленді. Ал 77 ұпай жинаған мадридтік “Реал” маусымды екінші орынмен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан