2 сағат бұрын
Шымкентті бекер таңдаған жоқпыз — Талғат Байсуфинов
Фото:Sport12
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Армения мен Мажарстанға қарсы жолдастық матч өткізеді.
Осы ойындарға дайындық аясында ұлттық құрама қазіргі таңда Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Құрама бас бапкері Талғат Байсуфинов жаттығу жиынын өткізу орны ретінде неге Шымкент таңдағанын түсіндірді.
“Біз Шымкентті бекер таңдаған жоқпыз. Қазақстандағы көптеген стадиондардың алаңы жасанды жабынмен жабдықталған. Сондықтан табиғи жабыны бар алаңда жаттығу жасау үшін Шымкентті таңдадық. Алдағы матч өтетін стадионның да алаңы табиғи. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай қиындық туындамауы керек”, — деді Байсуфинов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында сырт алаңда екі жолдастық ойны өткізеді. Оның бірі 6 маусымда Армениямен, ал екіншісі 9 маусымда Мажарстанға қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан