Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 күн бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең ойнады

Қазақстан әйелдер құрамасы Армениямен тең ойнады

Фото: ҚФФ

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін Армениямен тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алаң иелері бірінші таймда есеп ашты – 35-минутта Светлана Карагезян мергендік танытты. Үзілістен кейін Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Нәтижесінде кездесудің 70-минутында Әмина Бибосынова дәл соққымен есепті теңестірді. Ойынның соңында қос команданың да шабуылдауға тырысқанына қарамастан, төрешінің ысқырығы 1:1 есебін тіркеді.

Армения W – Қазақстан W – 1:1

Голдар: Карагезян 35 – Бибосынова 70

Армения W: Погосян (Қ), Карагезян, Шихшабекова (Далакян 59), Газарян (Карапетян 74), Тэйлор, Алексанян (К) (Казанчян 88), Чолакян, Сафарян (Хачатрян 88), Казачян, Асатрян, Пизлова;

Қосалқы құрам: Сарданян (Қ), Бабаян (Қ), Восканян, Нерсесян, Костанян, Саядян, Бадалян, Мартиросян;

Бас бапкер: Мариям Степанян.

Қазақстан W: Исмаилова (Қ), Бурова, Власова, Мясникова (К), Низамутдинова (Демидова 84), Бабшук, Хайруллина, Нұрышева, Гайстенова (Садықова 65), Норбаева (Бибосынова 58), Тұрлыбекова (Мамырова 84);

Қосалқы құрам: Портнова (Қ), Зейнали (Қ), Шустова, Сұңкарова, Набокова, Жұмабайқызы, Сатығалиева, Ирисметова;

Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева.

Төрешілер: Сан Хуан, Акоста, Симарро (барлығы – Грекия), Андерсон (Аустрия)

5 маусым, 2026 жыл. АФФ академияның стадионы, Ереван (Армения).

Бұл жөнінде Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова пікірін білдірді.

- Әрине, нәтиже біздің көңілімізден шықпайды. Жеңіске жетуге бар күшімізді салдық. Армениялық футболшылар өз алаңында өте жақсы ойнайды. Мен бапкерлер және медициналық штаб, қыздарға рақмет айтамын. Тең нәтижеге қарамастан бәріміз жанкүйерлерді қуантуға күш салдық. Алдағы уақытта сәттілік серік болса, өтпелі кезең ойындарына жолдамаға ие боламыз деп ойлаймын. Ол үшін Беларусь құрамасының Армениядан жеңілісі қажет, – деді ол.

Еске салсақ, Шымкентте өткен жолдастық кездесу аясында 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстаннан басым түсті


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан