4 сағат бұрын
Қазақстандық таеквондошылар Гран-при турнирінде маңызды рейтингтік ұпай жинады
Фото:ҰОК
Римде өткен таеквондодан Гран-при турнирінде қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, Олимпиада алдындағы әлемдік рейтингтегі ұпай қорын толықтырды.
Жарысқа қатысқан сегіз қазақстандық таеквондошының нәтижелері төмендегідей:
Самирхон Абабакиров – 12,96 ұпай;
Бейбарыс Қаблан – 12,96 ұпай;
Нодира Ахмедова – 9,07 ұпай;
Ергеш Бекасыл – 6,35 ұпай;
Батырхан Төлеуғали – 6,35 ұпай;
Айдана Құмартаева – 6,35 ұпай;
Мария Севостьянова – 6,35 ұпай;
Тамирлан Тлеулес – 6,35 ұпай.
Айта кетейік, Самирхон Абабакиров пен Бейбарыс Қаблан өз салмақтарында үздік бестікке кіріп, қазақстандық спортшылар арасындағы ең жоғары нәтижені тіркеді.
Бұл жетістік таеквондошыларға тек іріктеу жарыстары арқылы ғана емес, әлемдік рейтингтегі орындары арқылы да Олимпиада жолдамасына алуға мүмкіндік сыйлайды.
Бұған дейін Қазақстан таеквондосы тарихында Олимпиадаға рейтинг арқылы тікелей жолдама алған спортшы болмаған. Әзірге лицензияларды тек құрлықтық іріктеу турнирлері арқылы жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан