Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Футболдан ӘЧ-2026: Е тобындағы бәсеке қалай өрбімек?

Футболдан ӘЧ-2026: Е тобындағы бәсеке қалай өрбімек?

Фото:Gettysport

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Е тобында Германия, Эквадор, Кот-д’Ивуар және Кюрасао құрамалары сынға түседі. Қағаз жүзінде топтың айқын фавориті – Германия. Дегенмен Эквадор мен Кот-д’Ивуар плей-офф кезеңіне берілетін жолдамалар үшін барын салары анық.

Германия

FIFA рейтингінде 10-орында тұрған Германия құрамасы Еуропа іріктеу кезеңінде А тобын бірінші орынмен аяқтап, әлем чемпионатына тікелей жолдама алды. Бас бапкері – Юлиан Нагельсманн.

Негізгі ойыншылар:

Флориан Вирц – 40 матч, 11 гол. Шабуылдағы негізгі ойыншылардың бірі.

Йозуа Киммих – 95 матч, 7 гол. Тәжірибелі жартылай қорғаушы, құрама капитандарының бірі.

Джамал Мусиала – 38 матч, 12 гол. Команданың шабуылдағы басты ойыншысы.

Германия әлем чемпионатына 21-рет қатысып отыр. Бұған дейін төрт мәрте (1954, 1974, 1990, 2014) әлем чемпионы атанған.

Кюрасао

FIFA рейтингінде 82-орында тұрған Кюрасао өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды.

Негізгі ойыншылар:

Элой Ром – 71 матч. Ұлттық құраманың тәжірибелі қақпашы.

Таит Чонг жартылай қорғаушы 29 матч, 5 гол.

Леандро Бакуна – 65 матч, 9 гол. Команданың көшбасшысы.

Кюрасао үшін бұл – әлемдік деңгейдегі алғашқы үлкен тәжірибе.

Кот-д’Ивуар

FIFA рейтингінде 34-орындағы Кот-д’Ивуар Африка іріктеу кезеңінде өз тобында жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Бас бапкері – Эмерс Фаэ.

Негізгі ойыншылар:

Николя Пепе – 12 матч, 4 гол, 2 нәтижелі пас.

Франк Кессье – 100 матч, 14 гол. Құраманың көшбасшыларының бірі.

Ибраим Сангаре – 45 матч, 3 гол. Орталық алаңның негізгі тірегі.

Кот-д’Ивуар әлем чемпионатына төртінші рет қатысады. Бұған дейінгі ең үздік нәтижесі – топтық кезең.

Эквадор

FIFA рейтингінде 23-орында тұрған Эквадор Оңтүстік Америка іріктеуінде екінші орын алып, әлем чемпионатына жолдама алды. Бас бапкері – Себастьян Беккасесе.

Негізгі ойыншылар:

Эннер Валенсия – 105 матч, 49 гол. Құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Мойсес Кайседо – 52 матч, 2 гол, 4 нәтижелі пас.

Педро Вите – 30 матч, 3 гол. Орталық алаң ойыншысы.

Эквадор әлем чемпионатына бесінші рет қатысып отыр. Ең үздік нәтижесі – 2006 жылы 1/8 финалға дейін жеткен.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан