2 сағат бұрын
Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирді алтын жүлдесіз аяқтады
Фото:ҰОК
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирінде қазақстандық балуандар алтын медальға қол жеткізе алмады.
125 келіге дейінгі салмақта белдескен Едіге Қасымбек финалға дейін жеткенімен, шешуші сында үндістандық Динешке 0:2 есебімен жол берді. Осылайша ол күміс жүлдені қанағат тұтты.
61 келіде сынға түскен Асыл Айтақын да финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда алтын медаль үшін өткен белдесуде үндістандық Дипакқа есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
92 келі салмақтағы Азамат Дәулетбеков те финалда жеңіліп, күміс медаль иеленді.
Ал 61 келідегі Әділет Әлмұхамедов пен 57 келіде өнер көрсеткен Мейрамбек Қартбай қола жүлдегер атанды.
79 келі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде қазақстандық екі балуан өзара күш сынасты. Бұл тартыста Шәмсат Таир Нұрдәулет Қуанышбайды 5:4 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды.
Сондай-ақ Адлан Аскаров, Дастанбек Өсімжан, Абзал Өкенов және Нұрдәулет Бекенов жүлдеге бір қадам жетпей, жүлдесіз қалжы.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Ulaanbaatar Open рейтингтік турнирін екі күміс және үш қола медальмен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан