2 сағат бұрын
«Құрылыста жұмыс істеп, күн көріп жүрмін» — Футболшы Асылжан Аббас
Бұрын «Тұран» сапында доп тепкенфутболшы Асылжан Аббас әзірге кәсіби футболдан қол үзгенін айтты.
26 жастағы ойыншы Түркістан клубынан кеткеннен кейін Ресейге көшіп, қазіргі уақытта құрылыс саласында еңбек етіп жүр.
«Қазір құрылыс нысандарында жұмыс істеп, күн көріп жүрмін. Футболдағы мансабымды әзірге тоқтаттым», – деді ол.
Айта кетейік, Асылжан Аббас Қазақстанның Премьер-лигасы мен Бірінші лига жарыстарында жалпы саны 49 матчқа қатысқан. Өз мансабында ол «Оқжетпес», «Ұлытау» және «Қызылжар» клубтарының қақпасына гол соққан.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан